«Көкнар-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Жәнібек ауылынан 7 шақырым жерде көлемі 400 шаршы метр жағымсыз өткір иісі бар жабайы сора табылды.
Аудандық полиция бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жабайы сора өсімдігіне ұқсас зат куәгерлердің қатысуымен алынып, ҚР ӘМ БҚО ССИ сараптамасына берілді. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, өткір иісі бар өсімдік жабайы сора екендігі анықталды. Аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері, Жәнібек ауылдық округінің әкімдігі, 2036 әскери бөлімінің шекара қызметкерлерінен құралған комиссия 400 шаршы метр жабайы сораны өртеу тәсілімен жойды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер