12.09.2019, 16:55
Оқылды: 31

Шөбі өртенген ауылдасына қамқорлық танытты

Теректі ауданы орталығының Федоров ауылында тұратын Ташжан Зикеев жасы ұлғайса да ата кәсіптен қол үзбей, нәсібін малдан тауып отырған азамат.

 terekti

Алты бас ірі қара бағып отырған Ташжан Исенбайұлы қыс қамын әріден ойлап, өз еңбегімен қысқа жетердей  шөп үйіп алған еді. Әттеген-ай, тілсіз жау жалмап кетті.

Қыс болса, қыр астында. Қайтадан шөп шауып алуға кеш. «Енді қалай болар екен?» деп қиналған кезде ауылдың баскөтерері, «Шарақап» шаруа қожалығының басшысы  Абат Джанназаров оған екі тіркеме буылған шөп түсіріп берді.

«Біреу біреуге сүйеу» деген. «Абат Қыдырбайұлы үлкен көмек берді.   Қашан да жанындағыларды қамқорлап жүретін абзал жан екенін білемін. Жақсылығы алдынан шықсын» деп Ташжан Исенбайұлы алғысын айтып жатыр.

Камелия Қарекесова

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале