Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин айтты.
-Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет қорғауға алып, оларды нарықтық айналымға енгізу міндетін қойды.
Бұл бағытта Жаңақала ауданында жүргізілген мониторинг нәтижесінде тиімсіз пайдаланып жатқан 28,7 мың га. жер учаскесі анықталды.
Тексеріс нәтижесінде 26,8 мың га. жер учаскесін пайдаланушыларға 1 жылға тиісті ескерту беріліп, 1854 га. жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жерлер конкурстар арқылы шаруа қожалықтарына жалға беріледі. ҚР жер кодексінің 48-бабына, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурс, аукцион) оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидалары» негізінде жер учаскелерінің жалға беру құқығын сату бойынша zem.kz электрондық порталында аукциондар өткізілуде, - дейді Наурызбай Қарағойшин.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер