Газет-журналдарға жазылу науқанының басталуына байланысты Жәнібек аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Н.Жапақов Ұзынкөл ауылдық округі әкімдігімен, ауылдағы мәдениет қызметкерлері және мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізді.
Бас қосуда Нұрымбек Мүсәлімұлы редакцияның бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, аудандық газеттің тарихына тоқталды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелер жөнінде ой өрбітті.
Өз кезегінде сөз алған аталған ауылдың әкімі Маркс Нұфтығалиев Ұзынкөлдегі «Қазпошта» байланыс торабының жабылып қалуына байланысты әзірге баспасөзге жазылу жұмысы тоқтап тұрғанын, бірақ жақында аталған мекеме жұмысын бастап, жазылу бұрынғыша жүргізілетінін айтып, әкімдік тарапынан мерзімдік басылымдарға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Кездесуде Ұзынкөл мектебінің директоры Лунаргүл Дишенова, аталған мектептің мұғалімдері Марат Ахметов, Біржан Мұхтаров, техникалық қызметкерлер Шолпан Төлепова, Венера Телағысова, Нұрлыбек Меңдібаев ұсыныс-пікірлерін айтты.
Лаура Халина
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер