23.10.2019, 11:08
Оқылды: 87

«Pater House» – жайлы баспанаға бастар жол

Үш айдың ішінде артық төлемсіз, ипотека және несие тарихын тексерусіз жылжымайтын мүлкіңіз немесе автокөлігіңіз болғанын қалайсыз ба? Ендеше, пәтерлер мен үйлердің алғашқы супермаркеті – «Pater House» тұрғын үй құрылыс кооперативіне келіңіз!

pater house (2)

Пәтерлер мен үйлердің «Pater House» супермаркеті Орал қаласында 2019 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс жасай бастады. Аздаған уақыт ішінде кооператив 25 қатысушысын баспанамен қамтып үлгерді.

«Pater House» тұрғын үй құрылыс кооперативінің төрайымы Салтанат Тасмұхамбетованың айтуынша, жылжымайтын мүлік алу бүгінгі таңда халық үшін көкейкесті мәселеге айналып отыр.

– Адамдардың қажеттілігін зерттей отырып, біз өз қатысушыларымызға 20% және 50% бастапқы төлеммен тұрғын үй бағдарламаларын ұсынамыз. Барлығы заңға сәйкес нотариалды түрде рәсімделеді. Біздің арқамызда қазіргі таңда 25 адам жеке тұрғын үйге ие болды, - дейді С. Тасмұхамбетова.

«Pater House» – жай ғана кооператив емес, үйлер мен пәтерлердің супермаркеті. Сол себепті де сіз ақысын қолма-қол немесе бөліп төлеу арқылы пәтер иеленіп қана қоймай, Қазақстанның кез келген қаласынан жер телімін сатып алуыңызға болады. Мәселен, кооператив қатысушысы Қуаныш Ибраев жайлы баспананы Шымкент қаласынан таңдады. Көптеген оралдық тұрғын «Pater House» кооперативі ұсынған шарттарды ыңғайлы деп бағалаған.

pater house (1)

– Мен «Pater House» кооперативіне 2019 жылдың шілде айында жолықтым. Үш апта ішінде 50%-дық бағдарлама бойынша пәтер рәсімдедім. Шарттары өте жайлы, икемді төлем кестесі, ешқандай әуре-сарсаңы жоқ. Барлығы айқын, анық және қолжетімді, сауатты және мұқият мамандар әр клиентпен жеке тіл табыса біледі. Олар клиентке толықтай қолдау көрсетіп, барлық жайтты бастан-аяқ түсіндіріп, жан-жақты кеңес береді. Әсіресе, кооператив қызметкерлерінің ісі мен сөзі бір жерден шығатындығы ұнады, яғни кооператив өз тарапынан барлық шартты толықтай әрі дәлме-дәл орындайды, - дейді баспанаға ие болған бақытты жан, қала тұрғыны Бауыржан.

pater house (3)

Бастапқы төлемі 20% және 50% болатын бағдарламалар бойынша кооператив қатысушысы кемі үш ай мерзім ішінде тұрғын үй сатып ала алады. Аталған бағдарламалардың шарттары қарапайым және халық үшін қолжетімді. Мәселен, 20%-дық бағдарламаны таңдаған кезде тұтынушы құны 3 млн.-нан 15 млн.-ға дейінгі жылжымайтын мүлікті немесе автоны иелене алады, бастапқы жарна сауда құнының 5%-ын құрайды және 5% – мүшелік жарна. Бұл бағдарлама бойынша күту мерзімі – 6 айдан 12 айға дейін, ай сайынғы ең төменгі төлемі – 35 мың теңге. 50%-дық бағдарламаны таңдаған кезде күту мерзімі 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімге азаяды. Кіру және мүшелік жарна әуелгіге ұқсас, авто немесе жылжымайтын мүлік құнының 5%-ын құрайды. Дегенмен аталған бағдарлама бойынша тұтынушы құны 3 млн.нан 20 млн.-ға дейінгі сауда жасай алады. Пайыздық мөлшерлемесі жылдық 0%-ды құрайды. Салтанат Тасмұхамбетованың мәлімдеуінше, бұл – халық үшін өте жайлы шарттар.

– Кірісті және несиелік тарихты растау қажет емес, бар талап етілетіні – клиенттің жеке басын куәландыратын құжаты және тұтынушы сатып алғысы келетін мүлікті бағалау туралы есеп. Сондай-ақ біз өзіміздің қордағы баспаналарды да ұсынамыз, олардың қатарында пәтерлер де, жеке үйлер де, жер телімдері де бар, таңдау өте мол. Бастапқы жарнасы болса, салымшылар оларды 20% және 50%-дық бағдарламалар арқылы сатып ала алады, - дейді Салтанат Кенжебайқызы.

Сондай-ақ үш ай ішінде сатып алушы өз төлем қабілеттілігін растайды, тек содан кейін ғана оның сату-сатып алу туралы шарты рәсімделеді. Бұған қоса 20% және 50%-дық бастапқы жарналы бағдарламалар бойынша тиімді шарттармен кооператив қатысушылары автокөлік те сатып ала алады.

pater house2 (1)

– Бір күн ішінде шарт жасасып, бастапқы жарнаны төледім. Алғашқы жарнаны енгізгеннен кейін екі сағат ішінде автокөлік рәсімдеп үлгердім. Енді тізгінімде «темір тұлпарым» бар. Маған кооператив ұсынған шарттар ұнады, қызметіне жүгінуге кеңес беремін, - дейді «Pater House» үйлер және пәтерлер супермаркетінің көмегімен автокөлік иеленген қала тұрғыны Айнұр.

Олег Мазанов та «Pater House» кооперативінің қызметін қолданып, автокөлік сатып алды.

– Мен 20%-дық бағдарламаны таңдадым және дәл бір айдан кейін автокөлік иемдендім. Кооператив өз тұтынушыларына банктермен салыстырғанда, жайлы және қолжетімді шарттарды ұсынады. Екеуара саудаға көңілім толады, ай сайын 50 мың теңге төлеймін, - дейді Олег Мазанов. Сондай-ақ «Pater House» кооперативі «Риелтор Плюс» жылжымайтын мүлік агенттігінің көмегімен өз клиенттеріне риелторлық қызметтер ұсынады. Егер пәтерді сату немесе алмастыру, құжаттарды рәсімдеуге көмек қажет болса, бұл істердің барлығымен «Pater House» мамандары айналысып, заңгерлік қолдау көрсетеді.

pater house2 (2)

– Біз қатысушыларымызға жайлы болуы үшін барымызды салып жұмыстанамыз. Қазір адамдар ұзақ аралап, таңдап, бюро-кратиялық тосқауылдарды бағындырып жүргісі келмейді, сол себепті барлық жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, біз клиенттер келіп, баспана немесе автокөлікті таңдап, «бір терезе» қағидатымен оларды рәсімдей алатындай жағдайды ұсынудамыз. Біз кіріс, зейнетақы аударымдары туралы анықтама сұратпаймыз, қазіргі таңда оның қажеті де шамалы. Міндетті құжаттар – бұл сату-сатып алу шарты, егер сауда нысаны аутокөлік болса, техпаспорт және тұтынушының жеке басын куәландыру құжаты, - дейді «Pater House» тұрғын үй құрылыс кооперативінің төрайымы  Салтанат Тасмұхамбетова.

Компания алдағы уақытта өз салымшыларына арнап баспана салуды жоспарлауда. Алдағы жылы үлескерлерге арналған тұрғын үйлердің құрылысы бой көтермек.

Біздің мекенжайымыз: Орал қ., Алмазов көш., 71.

Телефондары: 8 771 014 66 33, 8 777 797 27 75.

Галина Манцева

                                      zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале