Тасқала ауданында тұрғындарға тұтынушылық мақсатта кепілсіз несие ұсынатын «Батыс Финанс» микроқаржы ЖШС қызметін бастады.
Бұл туралы «Бастау-бизнес» бағдарламасы арқылы оқыған болашақ кәсіпкерлермен кездесуде «Батыс Финанс» микроқаржы ЖШС директоры Руслан Бурпиев айтып берді.
-Аталмыш серіктестік шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер үшін қолдау білдіру мақсатын көздейді. Жеке кәсіп ашамын деген айқын мақсатыңыз болса, еш қысылмай-ақ несие алуыңызға болады. Бастысы сіздің жоспарыңыз саналы болуы тиіс. Несиеге алған әр тиынды нақты қайда жұмсайтыныңызды білуіңіз шарт,- дейді ол.
Айта кетейік, кепілдіксіз несие 50 мың теңгеден бастап 1 млн. теңгеге дейін берілсе, кепілдікпен 1 млн. теңгеден 5 млн-ға дейін ұсынылмақ. Сондай-ақ «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2-бағыты бойынша 6%-бен несие алу жеке кәсіп ашу мүмкіндігін бермек.
Әсем Аман
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер