Қарашаның 1-3 күндері Ақтөбе қаласында театр және көркем сөз жанрынан ІІ халықаралық өнер фестивалі өтті.
Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйінің «Ұлағат» театр үйірмесінің мүшелері байқауға қатысып, жүлдеге ие болды.
Театр өнерпаздары «Көркем сөз» аталымында өз өлеңін оқыған Мақсат Базарбаев І орынды, Мадина Қажғалиева ІІ орынды қанжығаларына байласа, Үйірме мүшелері М.Шахановтың «Жастар махаббатты қорғайды» шығармасының қойылымымен ІІ орынды иеленді.
Көркем сөз оқудан тағы бір өрен Шашты Шаймарданова, театр жетекшісі Асылай Көпжанованың «О, дүние-ай?!» шығармасын оқып ІІ орын, 6-9 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы байқауда Мария Погосова мен София Бялт сатира, театр аталымында ІІІ орынды еншіледі.
Гүлжан Серікқызы
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер