Бәйтерек ауданы орталығындағы аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде грек-рим күресінен КСРО спорт шебері Алексей Пономарев Викторовичті еске алуға арналған 2006-2007, 2008-2009, 2010-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен аудандық ашық турнир өтті.
Дүбірлі додаға барлығы 12 команда соның ішінде Ақтөбе, Орал қалаларынан, Теректіден, Ақжайық, Бөрлі, Казталов аудандарынан командалар қатысты. Барлық қатысушы спортшылар саны 150 оқушы.
Жалпы командалық есепте І орынды Бәйтерек ауданы командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ, ІІІ орындарға Орал қаласы мен Бөрлі ауданы командасы ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табысталды.
Ертай Бимұханов
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер