«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Алдияр Халелов көшпелі қабылдау кестесіне сәйкес II Шежін ауылында болды.
«Nur Otan» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдау шарасына аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева мен сала басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен ауылдың тыныс тіршілігімен танысқан аудан әкімі әрі қарай талшықтық-оптикалық интернет желісінің тартылу жұмыстарын қадағалады. Шара ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесуден басталып, ауыл тұрғындарымен өткен жиналыспен жалғасты.
Көшесінде қазақ радиосы сөйлеп тұрған аталмыш ауылдағы мәдениет үйінің ішін аралап көріп, одан әрі мектеп ұжымымен кездесті. Сонымен қатар аудан әкімі Жеңіс алаңын көріп ауылдық округ әкімі Алғадай Жамбылұлына тиісті жұмыстардың біразын алдағы бір айдың ішінде орындауға тапсырма берді. Биыл көптіктің арқасында жасалған бөгеттің жағдайымен танысқан Алдияр Сансызбайұлы жеке кәсіпкер Еркін Дүйсенғалиевтің қолға алып отырған шаруасын көрді. Жалпы бұл ауылда жасалып жатқан жұмыстар баршылық. «Nur Otan» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауында тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ашық кездесу өткізді.
Жиын барысында ауылдық округ он айдың есебін берді. Жиналыстан кейін Алдияр Сансызбайұлы ауыл азаматтарын жеке қабылдады.
Темірболат Әнуарұлы
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер