Бәйтерек аудандық мәдениет үйінде «Жыл үздігі – 2019» аудандық жастар сыйлығын табыстау салтанаты өтті.
Салтанатты шарада білім мен өнерді, еңбек пен табысты серік еткен жалынды жастарға құрмет көрсетілді. Жиында аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйледі.
Ал шараның үздіктерді марапаттау бөлімінде Райхан Сакипова «Үздік жас көшбасшы», Нұрлықыз Лұқпанова «Үздік оқушы», Жақия Мәжитов «Үздік жас ақын», Гүлсұлу Дюсалиева «Үздік жас ұстаз», Әліби Жанәбілов «Үздік жас өнерпаз», Әсем Түркістанова, «Үздік жас дәрігер», Ләззат Төлепбергенова «Үздік жас спортшы», Бекболат Искабулов «Үздік ерікті өрт сөндіруші», Вероника Ибраше «Үздік жас кәсіпкер», Роман Штейнгильберг «Қайырымдылығы үшін», аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы «Үздік жас әлеуметтік желі қолданушы» аталымымен марапатталды.
Өзге де өз ісінің шебері атанып жүрген бір топ жасқа алғыс хаттар табыс етілді.
Ертай Бимұханов
суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер