Елбасының төрағалымен өткен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалының жиыны өтті.
Жиынды "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасы Наурызбай Қарағойшин ашып, жетекші партияның бағдарламасы аясында ауданымызда атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді атап өтті.
Жиын барысында сөз алған "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов:
- Елбасы, "Nur Otan" партиясы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жетекші партияға үміт артып, өз бастамаларына қолдау көрсетіп, халық игілігіне жұмыс жасайтынына зор сенім білдіріп отыр. Алдағы уақыттағы мақсатымыз-осы үрдісті табысты жалғастыра отырып, еліміз үшін аса маңызды партиялық жұмыстың белсенділігін арттырып, ел сенімін ақтауымыз керек,-деді Рухолла Аманғалиұлы.
Сондай-ақ аудандық маслихат хатшысы Закария Сисенғалиев пен Көпжасар бастауыш партия ұйымының жетекшісі Нұрбол Серікұлы жетекші партияның ауданымызда атқарылған жұмыстарына тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды.
Шыңғыс Ромашев
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер