29.11.2019, 22:11
Оқылды: 82

Жаңақалада "Nur Otan" партиясының жиыны өтті  

Елбасының төрағалымен өткен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалының жиыны өтті.

IMG_3395

Жиынды "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасы Наурызбай Қарағойшин ашып, жетекші партияның бағдарламасы аясында ауданымызда атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді атап өтті.

Жиын барысында сөз алған  "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов:

- Елбасы, "Nur Otan" партиясы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жетекші партияға үміт артып, өз бастамаларына қолдау көрсетіп, халық игілігіне жұмыс жасайтынына зор сенім білдіріп отыр. Алдағы уақыттағы мақсатымыз-осы үрдісті табысты жалғастыра отырып, еліміз үшін аса маңызды партиялық жұмыстың белсенділігін арттырып, ел сенімін ақтауымыз керек,-деді Рухолла Аманғалиұлы.

IMG_3413

Сондай-ақ аудандық маслихат хатшысы Закария Сисенғалиев пен Көпжасар бастауыш партия ұйымының жетекшісі Нұрбол Серікұлы жетекші партияның ауданымызда атқарылған жұмыстарына тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды.

 

Шыңғыс Ромашев

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале