4.12.2019, 10:51
Оқылды: 47

«Әбіш әлемі» байқауының жүлдегері атанды

29-30 қараша күндері әйгілі жазушы, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және «Егемен Қазақстан» газеті АҚ ұйымдастыруымен «Әбіш әлемі» атты оқу конгресі мен шығармашылық байқауы өткен еді.

zkitu (3)

Жазушының сан алуан тақырыптағы шығармалары мен еңбектерін қайта оқып, зерделей түсу арқылы оның санқырлы талантына тағзым ету және оны әлем жұртшылығына таныту мақсатында өткен байқауға 311 адам қатысқан. Сол байқауда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушысы Талап Таймасұлы бақ сынап, «Әбіш – абыз, әулие» аталымына ие болды.

Айта кетейік, Әбіш Кекілбайұлының шығармалары әлемнің 16 тіліне, соның ішінде «Аңыздың ақыры» романы биыл орыс, ағылшын және француз тілдеріне аударылды. Жалпыхалықтық оқуға ұсынылған бұл шығарманы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында осы жылы 700 мыңнан астам оқырман оқыды.

Биыл классик қаламгердің 20 томдық жинағы жарық көрген. Шара шеңберінде бұл жинақтың тұсауы кесілген. Бұған қоса, «Әбіш Кекілбаев әлемі» фотогалереясы, мемлекеттік марапаттар жинағы, кітаптар инсталляциясы көрмелері ұйымдастырылған. Қаламгердің «Шыңырау» повесі желісімен түсірілген осы шығарма аттас көркем фильмнің көрсетілімі өтті.

Есенжол Елекенов

БҚИТУ-дың баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале