11.12.2019, 11:47
Оқылды: 17

Бәйтеректе балықтарға ауа жіберілді

Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Анатолий Белинский мен БҚО орман және жануарлар дүниесі басқармасының бас маманы Владимир Карпаның қолдауымен игі іс жүзеге асырылды.

baiterek (2)

Туған ауылға жанашырлық танытқан белсенділердің басын біріктіріп, табиғатқа жанашырлық танытқан жандардың ісі дәстүрге айналған.

Табиғи су қоймаларының бетіне мұз қатып қалғандықтан ауыл белсенділері өзара бірігіп, көрікті өлке Дариян ауылының Брусяное, Светлое, Теплое секілді жерлердегі мұз қатқан су бетін ойып, балықтардың тыныс алуын жеңілдету үшін бірқатар жұмыс атқарды.

- Табиғат – біздің анамыз. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ. Өзен-көлдердегі балықтарға да өмір керек. Олар – біздің байлығымыз. Ұйымдастырылған шара табиғатқа жанашырлықтан туындады. Табиғатқа да тіршілік керек. Табиғат, адам, орман, өзен-көл – барлығы да біте қайнасқан өмір. Бүгінгі шараға қатысқан жандарға алғыс айтамыз. Әрі шараға қатысушылар тынығып, таза ауада демалып қалды. Мұндай жұмыстарды үнемі бақылауда ұстап, ай сайын назардан тыс қалдырмау міндетіміз, - дейді БҚО орман және жануарлар дүниесі басқармасының бас маманы Владимир Карпа.

Гүлжан Аязбаева

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале