11.12.2019, 12:33
Оқылды: 45

Жастар бақ сынады

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Елім менің» атты көркемсөз оқу шеберлері мен «Үш тілді меңгеру-жарқын болашақ кепілі» атты полиглот жастар арасындағы қос байқау өтті.

tasqala (2)

Екі байқауға да үміткерлер мықты дайындықпен келген.

tasqala (1)

10-17 жас аралығындағы үміткерлердің қатысуымен өткен көркемсөз оқу шеберлерінің арасында мерекелік А.Құспан бас жүлдеге ие болса, Достық ауылының намысын қорғаған А.Бекешева жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орыға Бірлік ауылынан келген А.Орынбай ие болса, ІІІ орынға Шежін ауылының қатысушысы Ә.Насибуллин лайық деп танылды.

tasqala (3)

 Одан кейінгі «Үш тілді меңгеру-жарқын болашақ кепілі» атты байқауда Шежін ауылының атынан шыққан М.Мұхамбетов бас жүлдегер атанды. Тасқалалық А.Қадырберлиева І, Тасқала ауылдық округінен Ж.Ғұмаров ІІ, мерекелік С.Исмагулов ІІІ орындарды өзара бөлісті.

tasqala (4)

Ұйымдастырушылар атынан барша қатысушыларға естелік сыйлықтар мен аталымдар табыс етілді.

Әсемгүл Серікқали

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале