24.12.2019, 15:32
Оқылды: 16

Бәйтеректе заңсыз ағаш кесу дерегі анықталды

Жаңа жыл алдында шырша саудасы қызатыны белгілі. Көпшіліктің шырша алып, оны үйінде безендіргісі келетіні де жасырын емес. Осыны білген кей пысықайлар шырша ағашын заңсыз кесіп, пайда көріп қалуды көздеуде.

baiterek shyrhsa (1)

ҚР Ішікі істер министрлігі мен БҚО полиция Департаменті орманды қорғау органдарымен бірлесіп, Жаңа жыл алдында қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының өскіндерін заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сату деректерін анықтау мақсатында «Шырша» жедел алдын алу шарасын өткізуде. Желтоқсан айының 17-нен 31-не дейін созылатын шарадан Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де шет қалмады.

baiterek shyrhsa (2)

Аталмыш шара басталғалы аудан полицейлері барлық шырша сату нүктелерін анықтап, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ олар әр сатушының ағаш өскінін сату мен тасымалдауға және кесуге рұқсат беретін құжаттарының бар-жоғын да тексеруде. Қазіргі күні жедел алдын алу шарасы барысында аудан орталығында құжатсыз шырша сатқан бір азамат анықталып, оған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша хаттама толтырылып, ескерту беріліпті.

-Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері екі заңсыз ағаш кесу фактісі тіркеліп, заң бұзған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жедел алдын алу шарасы өз жемісін беруде,- дейді жергілікті полиция бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Азамат Жұмағұлов.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале