Халықаралық кино күніне қарсаңында Бәйтерек ауданында «Бір күніңді киноға арна» атты шара өтті. Шараға еңбек жолын кинотеатрда қызмет етуге арнаған жандар, тұрғындар мен балалар қатысты.
Алдымен аудандық мәдениет үйінің әдіскері Амангүл Намазова келушілерге кинотеатрда еңбек еткен ардагерлерге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ықыласовтың алғыс хаты мен тарту-таралғысын табыстады.
Шара барысында алғаш киноның шығуы мен Қазақстандағы кино индустриясының дамуы жөнінде бейнефильмдер көрсетілді. «Тақиялы періште» көркем фильмінен көрсетілген қысқаша қойылым көрермен көңілінен шықты. Сондай-ақ көрермендерге фильмдерден саундтректер көрсетіліп, тапқан адамдарға алты ай тегін кино көруге сертификат берілді.
-Бүгінгі шарамыз 28 желтоқсан Халықаралық кино күніне арналып отыр. Бүгінде кинотеатрымыз 3D форматты жабдықтармен жабдықталған. Өкінішке орай, алдымен киноларды қаладағы кинотеатрларда көрсетілгеннен кейін бізге жетеді. Егер қалалық кинотеатрлармен бірдей көрсетілсе нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі таңда театрдың тұрақты көрермені балалар. Жастардың келуі некен-саяқ, - дейді «Жеңіс» кинотеатрының басшысы Жеңіс Қасымов.
Нұрлыбек Қыдырғалиұлы
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер