25.12.2019, 12:19
Оқылды: 28

Бәйтеректік спортшы ел кубогінің иегері атанды  

Жыл санап шаңғымен бағдарлау спорты өңірде мықты қарқынмен дамып келеді. Бүкіләлемдік студенттер ойындарының бағдарламасына енген бұл спорт түрінің олимпиада бағдарламасына да енетін күні алыс емес.

baiterek sport (1)

Жуырда шаңғымен бағдарлаудан ел кубогі аяқталды. Алматы облысы Талғар ауданындағы «Тау Тұран» кешенінде өткен жарысқа еліміздің үздік деген бағдарлаушылары қатысты. Аталмыш бәсекеде өңір намысын қорғаған Бәйтерек ауданының спортшысы Ерасыл Серікұлы мен оралдық Илья Козловский намысты қолдан бермеді.

Үш күнге созылған тартысты бәсеке қорытындысында Ерасыл Серікұлы берілген барлық қашықтықта алдына жан салмады. Осылайша ол елімізде өзіне тең келер бағдарлаушы жоқ екенін дәлелдеп, ел кубогінің иегері атанса, Илья Козловский жарыстың алғашқы күні жіберген аздаған қателігінің кесірінен алтын тұғырға сынық сүйем жетпей қалды. Десе де бұл Илья үшін өте жақсы көрсеткіш.

baiterek sport (2)

Қос спортшы елімізге танымал бапкерлер Сырым Бекешев пен Сергей Щербаньнан тәлім алып келеді.

Күні кеше үлкен жарыстан елге оралған бағдарлаушылар аздаған уақыт демалып алған соң жаңа маусымының басқа жарыстарына дайындықтарын пысықтай түспек.

Әзірге биыл ең басты жарыс Орал қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаты. Ел кубогінде намысты қолдан бермеген өрендер туған жерде өтетін жарыста ұятқа қалмайды деген сенімдеміз.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале