Облыс аумағында «Қоғамдық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Желтоқсан айының 25-і мен 31-і аралығына жоспарланған аталмыш шараның мақсаты қоғамдық тәртіпті нығайтып, заң бұзушылықтар мен төтенше жағдайлардың алдын алу.
Бәйтерек ауданында қолға алынған «Қоғамдық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасына 24 полиция қызметкері, 12 қоғамдық көмекші тартылған. Барлық полиция қызметкерлері мен қоғамдық көмекшілерге нақты міндеттер қойылып, іс-шараның нақты жоспарлары бекітілді.
Жедел шара басталған күннің өзінде бір қылмыстың ізі суымай ашылды. Ол мал ұрлығы. Ауданға қарасты Өркен ауылы маңында жайылып жүрген жылқыны сойып, әкетпек болған өркендік тұрғынды полиция қызметкерлрі қолға түсірті. Қазіргі таңда қылмыскер тергелуде.
Сонымен қатар бұдан бөлек тағы екі қылмыс тіркелген.
Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Азамат Жұмағұлов:
-Іс-шара басталған күні бір қылмыскерді қолға түсірдік. Сонымен қатар полиция қызметкерлері 10 әкімшілік құқық бұзған азаматты ұстап, хаттамалар толтырды. Осы ретте аудан тұрғындарына жедел шараның 31 желтоқсанға дейін созылатынын ескертемін. Егер құқықбұзушылықтың орын алғанын көрген азаматтар болса, полицияға хабарлауын сұраймыз, - дейді майор.
Түгелбай Бисен
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер