27.12.2019, 17:00
Оқылды: 19

Бәйтеректік дзюдошылардың жеңісі

Орал қаласында дзюдо күресінен 2000-2002 және 2003-2004 жылдары туған жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті.

baiterek (2)

Алдағы Қазақстан Республикасының чемпионатына іректеу сайысы болған соң, аталмыш бәсекеге аудандар мен Орал қаласынан  кіл мықты жас дзюдошылар қатысты. Аталмыш чемпионатқа   бәйтеректік дзюдошыларды  жас бапкер Наурызбек Сәпиев бастап барды. Жарыстың бірінші күні Бәйтерек ауданының намысын қорғаған дзюдошылар намысты қолдан бермей, бес бірдей жүлделі орынға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 73 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әлихан Сариев ІІІ, 70 келі салмақта   қыздар арасында бақ сынаған Айсұлу Сәрсенова ІІІ, 73 келіде өнер көрсеткен Асан Бегалиев ІІ орын иеленсе, қарсыластарын қоғадай жапырып, татамидің шаңын қаққан Эльнара Бегалиева 70 келіде топ жарса, 78 келіде бақ сынаған Диляра Құлымбетова да жеңіс тұғырынан  көрінді. Енді жас дзюдошыларымыз ел біріншілігіне дайындалатын болады.

-Жарыстың алғашқы күні шәкірттерім жақсы өнер көрсетті. Облыс чемпионатынан екі бірдей алтын жүлде еншілеу – біз үшін үлкен жетістік. Екінші күннің нәтижесін уақыт көрсетеді. Өзім үміт артып отырған шәкірттерім жоқ емес, - дейді бапкер Наурызбек Сәпиев бізбен әңгімесінде.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале