6.01.2020, 10:38
Оқылды: 32

Бәйтеректік жас кәсіпкер үш ауылда би үйірмесін ашты

Бәйтерек ауданында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау бизнес» жобасының негізінде қолға алған «Жас кәсіпкер» оқу бағдарламасын аяқтап, осы күні кәсіп ашқан жастар жетерлік.

baiterek (6)

Мемлекет берген мүмкіндікті мүлт жібермей, өзінің сүйікті ісін пайда көзіне айналдырған жандардың бірі переметныйлық Назгүл Жанғали.

Бала күнінен өнерге соның ішінде би өнеріне құмар боп өскен Назгүл оқуын аяқтаған соң біраз жыл аудандық мәдениет үйінде биші болып қызмет жасады. Кейін өзінің би студиясын ашып, ауыл жастарын биге баулыды. Уақыт өте келе кәсібін кеңейтуді жөн көрген Назгүл «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, мемлекет берген грандқа қол жеткізді.

baiterek (9)

-Менің кәсіп ашқандағы басты мақсатым шалғайда орналасқан ауыл балаларын өнерге баулу болды. Алыс ауылдарда спорттық үйірмелер болғанымен би үйірмелері жоқ еді. Сол себепті би үйірмелерін ауылдық жерлерден ашуды жөн көрдім. Арнайы бизнес жоспар құрып, сәтті қорғап шықтым. Қазір өз кәсібім бар. Сүйікті ісіңмен айналысқанға не жетсін, -дейді жас кәсіпкер.

baiterek (10)

Бүгінде Бәйтерек ауданының үш ауылында би үйірмесін ашқан Назгүлден үштен он тоғыз жасқа дейінгі жүзден астам жеткіншек би үйренуде.

baiterek (11)

-Қазір аудан орталығынан бөлек Белес және Рубежка ауылдарында студиямды аштым. Үйірмеге келушілердің барлығы қыздар. Жүзден астам жеткіншек тұрақты түрде бимен шұғылдануда. Негізінен ұлттық, эстрадалық және заманауи билерді үйретеміз. Би арқылы ауыл жастарын салауатты өмір салтына баулып, олардың бойына сұлулыққа, өнерге деген қызығушылықты ұялатпақпыз, - дейді кәсіпкер.

 

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің

 Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале