6.01.2020, 16:40
Оқылды: 17

Бәйтерек ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында меценаттардың көмегімен 15 жоба жүзеге асырылған

Бәйтерек ауданында халық саны 60025 болса, оның 12040-ы жастар. Сол жастардың 8600-і мектеп оқушылары, ал колледж студенттері – 220.

ruhani jahgyru

Аудан жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігі құрылған. Оларды түрлі жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, өткен жылы 50 жас қоғамдық жұмысқа тартылып, «Жастар тәжірибесі» аясында 62 жас маман тәжірибеден өткен. Сондай-ақ 60 жас тұрақты түрде жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік алған. Ал енді «Бастау Бизнес» бағдарламасымен былтыр 216 жоба жасақталып, оның 185-і қорғалыпты. Солардың ішінде 17-29 жас аралығындағы 80 жас бар көрінеді. Мұның сыртында жас кәсіпкер жобасы аясында жұмыспен қамту орталығы арқылы 55 жоба мақұлданып, 44-і өз бизнес жобаларын қорғаса, қазіргі таңда 15 адам жұмыстарын бастап та кетіпті.

Иә, ауылдық жерде «Дипломмен ауылға» бағдарламасының игілігін көріп отырғандар да аз емес. Мәселен, былтыр 96 маманға 356204,0 мың теңге несие беріліпті. Нақтырақ айтсақ, білім беру - 59, денсаулық сақтау - 27, әлеуметтік қамтамасыз ету - 3, мәдениет - 3, ветеринария – 4. Сонымен бірге, 40 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 7070,0 мың теңге қарастырылып, ол да толық игерілген.

Тағы бір айта кетер жәйт, «Жасыл ел» бағдарламасы аясында шілде-тамыз айларында 45 жас маусымдық жұмысқа тартылып, ауылдың гүлденуіне үлестерін қосқан. Әрі олар жыл соңында «Үздік жастар еңбек жасағы» номинациясын иеленген. Ауданда бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытында да біраз жұмыстар атқарылғаны байқалады.

Дариян ауылдық округіндегі жастарға арналған «Шабыт» коворкингінің жұмысы да көптің көңілінен шығуда. «Қолжетімді спорт» жобасын жүзеге асыру негізінде Қаражар, Поливной, Сұлукөл, Раздольный, Трекин, Переметный, Янайкин, Достық ауылдық округтерінде спорт алаңдары пайдалануға берілгендігін де тілге тиек ете кетелік. Ал «Street Workout» қондырғылары Переметный, Трекин, Янайкин, Раздольный, Достық ауылдарында орнатылса, өткен жылы Дариян ауылдық округінде домбыра үйрету ортылығы ашылған.

Жалпы былтыр ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде 70-тен астам шара ұйымдастырылып, оған 14 мыңнан астам адам тартылған. Әрі «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті меценаттардың көмегімен 15 жоба жүзеге асырылып, оған 36 миллион 920 мың теңге жұмсалған.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің

 Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале