Тасқала ауданының Шежін ауылының тұрғындары жаңа жылды көшелерді жарықтандырудан бастады. Ауыл әкімі Алғадай Жамбылдың айтуынша, қазіргі таңда ауыл көшелерін жарықтандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Дәлірек айтсақ ауылдық округ әкімдігі 30 шам орнатуды көздесе, соның оны күн сәулесінен қуат алатын шам. Оның төртеуі Еменжар мен Талдыбұлақ ауылдарына орнатылмақ. Ал қалғандары ауыл көшелеріне орнатылады.
Айта кету керек, былтыр Тасқала ауданы орталығында да жарықтандыру жұмыстары біркелкі жүргізілді. Көшелерді жарықтандыру биыл да жалғасады.
Н.Жәрдемова
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер