8.01.2020, 16:51
Оқылды: 118

Мәжіліс депутаттары Бостандық ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Казталов ауданындағы Бостандық ауылында ҚР Парламенті Мәжлісінің депутаты Кеңес Абсатиров және Шавхат Өтемісов халықпен жүздесті.

qaztalov (1)

- Жаңадан 17 заң енгізілді. Мысалы, мал ұрлығы, жануарлар дүниесіне зиян келтіру, жол қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін жаза күшейтілді. Әр қылмысқа сәйкес қатаңдатылған түрде жаза қылмыстық кодекіске енгізілді. Ұстаздардың мәртебесіне сай заң қабылданды. Заңға сай мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі, мұғалімдердің балалары балабақшаға бірінші кезекте орналастырылады. Мектеп директоры және орынбасарларының жалақысы көтеріледі, жас мұғалімге тәлімгер болатын ұстаздарға 17 мың жалақы қосылады, -деді кездесуде Шавхат Әнесұлы.

qaztalov (2)

Депутаттармен кездесуде тұрғындар бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Солардың бірі - судың жетіспеушілігі. Мұнымен қоса, ардагерлерді демалыс орындарына жіберу, жол мәселесі, аурухана салу, жедел жәрдем көлігін жаңарту, спорт кешенін салу жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Халық қалаулылары кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Диана Бақсық

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале