Бәйтерек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен аудан активі жиынында Макаров ауылдық округінің әкімі Нәсіпқали Қуанышевқа зейнеткерлік жасқа толуына орай құрмет көрсетілді.
Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, аудан экономикасы мен мәдениетін арттыруға, соның ішінде, Макаров ауылдық округінің дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардақты азаматқа аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев аудан әкімі Асхат Шахаровтың атынан алғыс хат табыстап, иығына зерделі шапан жапты.
Өз кезегінде көрсетіліп жатқан құрмет пен жылы сөздері үшін барша әріптестеріне ризашылығын жеткізген Нәсіпқали Сәленұлы алдағы уақытта да ауданның қоғамдық өміріне белсене атсалысуға әзір екендігін айтты.
Ертай Бимұханов
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер