Өткен жылдың қараша айында малды тоқтатқан бәйтеректік малшылар қыстақ жайын ойдағыдай қамтыған.
Қыстың қамын жаз ойлайтын шаруалар аудан аумағындағы 97 қыстақта 41 904 ірі қара, 64 053 қой мен ешкі, 4 473 жылқы тұрақтатқан. Оларды қысқа қажетті азықпен де қамтып үлгерген шаруалар 93 114 тонна шөп, 34 458 тонна жем жинап қойған.
Биылғы қыс өткен жылдардағыдай қатты болмаса да жыл басында қалыңдау түскен қар тазаланып, барлық қыстақтарға барар жолдар ашылды.
-Аудан малшылары толығымен малды тоқтатты. Жинаған азықтары да жеткілікті. Қыстақ ойдағыдай өтіп жатыр, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары.
Түгелбай Бисен
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер