Бәйтерек ауданының Рубежин ауылдық округінде аудан әкімі Асхат Шахаров пен округ әкімі Манарбек Әжкенов есеп берді.
Мұнда да аудан әкімінен кейін Рубежин ауылдық округінің әкімі Манарбек Әжкенов округтің тыныс-тіршілігін баяндады.
- Округте барлық мерекелік шаралар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып келеді. Мәселен, «Рубежинский» АШК, «Тропин» шаруа қожалығы және басқа шаруалардың, ауыл азаматтардың қолдауымен көптен күткен ауыл музейі ашылды. Сондай-ақ Жастар жылына орай облыстық жастар басқармасы мен жастар ресурстық орталығының қолдауымен жастар коворкингі іске қосылды. Демеушілердің қолдауымен мәдениет үйінің іші безендіріліп, спорттық құрал-жабдықтар да алынды. Айта кетейк 1,5 миллионға жуық қаражат демеушілер есебінен жиналды, - деді ауыл әкімі.
Бүгінгі таңда шағын футболдан «Рубежка» құрама командасы Орал қаласының ашық лигасында өнер көрсетуде, аяқ алысы жаман емес. Ұлттық спортты дамыту, насихаттау бағытында ауылда алғаш рет қазақ күресінен аудандық чемпионат өткен.
Есептік кездесуде ауыл тұрғындары Қоңыратбай Аманжолов, Марат Абишев сөз сөйлеп, мал жайлымы, ауыл тазалығы, спорт алаңқайын орнату, тағы да басқа мәселелерді көтерді.
Ертай Бимұханов
cуреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер