Тасқала ауданының Амангелді ауылдық округінде мектеп оқушылары арасында аудандық "Айбын" әскери-патриоттық байқауы өтті.
Оған 12 команда қатысып, бақ сынады. Аудан әкімінің орынбасары Аян Халауедин, білім бөлімінің бас маманы Дәметкен Хаирова мен аудандық қорғаныс бөлімі жасақтау қызметінің басшысы Нұрлыгүл Молдашева, «Қызыл жар» шекара заставасының басшысы Ермек Бекжанов, округ әкімі Қ.Жұмагереев пен ардагер ұстаз Тельман Маширов қатысты.
Шарада алдымен Аян Халауединұлы жарысқа қатысушы жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
Саптық және атыс дайындығы, пневматикалық винтовкадан ату, кермеге тартылу, жаралы жауынгерді шайқас алаңынан алып шығу сынды бес бөлімнен тұрды.
Тартысты да қызықты өткен жарыс қорытындысында І орынды Амангелді мектебінің оқушылары иеленсе, ІІ орынды шежіндіктер қанағат тұтты. Ал ІІІ орын Мереке мектебінің командасына бұйырды.
Болатбек Сапарғалиев
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер