Бәйтерек ауданы орталығындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінде 2004-2005 және 2006-2007 жылдары туған ер балалар арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті.
Облыс біріншілігіне жолдама берер бұл жарысқа ауданның он ауылынан үздік командалар келді. Тартысқа толы жарыс қорытындысында 2005-2006 жылы туғандар арасында үздік үштікке Үлкен Шаған ауылының ойыншылары іліксе, екінші орынды Батурин мектебінің командасы иеленді. Ал аудан чемпионы атағын Егіндібұлақ ауылының жас волейболшылары жеңіп алды. Одан кейінгі 2006-2007 жылы туған волейболшылар сайысы тіптен қызықты өтті.
Әр допқа жанталаса ұмтылған жас спортшылар көрермен қошеметіне бөленді. Қорытындысында үшінші орын Мичурин, екінші орын Щапов ауылының волейболшыларына бұйырса, бірінші орынды Батурин мектебінің ойыншылары еншіледі.
Жарыс барысында үздік ойын көрсетіп, командасын алға сүйреген ойыншылар түрлі аталымдармен марапатталды. 2005-2006 жылғы волейболшылар арасында Черный Станислав «Үздік қорғаушы», Әлмырза Нұрдаулет «Үздік байланыстырушы », Серік Жантөре «Үздік шабуылшы», ал Иван Бондаренко «Үздік ойыншы» атанды. 2006-2007 жылғы волейболшылар арасында «Үздік қорғаушы» номинациясын Әбен Саят, «Үздік байланыстырушы » аталымын Бақтияр Жұманязов, «Үздік шабуылшы» аталымын Жанболат Шаймарданов иеленсе, «Үздік ойыншы» атағы Қуаныш Жеңіске берілді.
Сүйініш Ұмбаев,
Бәйтерек аудандық БЖСМ әдіскері
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер