22.01.2020, 18:11
Оқылды: 22

Бәйтеректік еріктілер акцияға үн қосты

«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Бәйтерек ауданында бірқатар шара жүзеге асты.

nur otan

 Нақтырақ айтсақ, Январцев ауылдық округінің жастар жетекшісі  мектеп оқушыларымен бірігіп, жалғызбасты зейнеткер Людмила Фандинаның ауласындағы қарды тазалауға қолғабыс етсе, олардан қалыспаған раздольныйлық жастар да өз жерлестері Людмила Спиридонова және Валентина Касивсоваларға көмек қолын созды. Ал Железнов ауылындағы бастауыш партия ұйымының жетекшісі Ақсұлу Иманқұлова ауыл дәрігері мен клуб меңгерушісін жанына ертіп, ауылда тұратын барлық жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне кіріп, қал- жағдайларымен танысқан. Тиісінше көмектерін де берген. Оларға да железновтық ардагерлер дән риза. Сондай-ақ Дариян және аудан орталығы - Переметный ауылдарында да аталмыш акция жалғасын тапты.

-Акцияның басты мақсаты – өмірлері өнеге ардагерлерімізді ардақтау. Әрі біз бұл шараларға бір реттік акция деп қарамаймыз. Көмекке мұқтаж жандарға қолұшын беру үшін ауданда еріктілер тобын құрдық. Бұл іс жыл бойы жалғаса береді, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Алма Төлепқалиева.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале