Облыс әкімі Ғали Есқалиев Тасқала ауданына келіп, бірнеше нысанды аралады.
Алдымен «Самғау» коворкингінде болған қонақтар аудан еріктілерімен кездесті. Еріктілер жылына орай атқарылатын іс шаралармен танысып, жастардың сауалдары мен ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.
-Жастар – елдің ертеңі. Былтырғы жыл Жастар жылы болса, биылғы жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еріктілер жылы деп жариялады. Осыған орай жастар үшін бағдарламалар ашылып, қолдаулар білдірілуде.
Тасқалалық еріктілер де елдің ертеңі үшін еңбектеніп, көштен қалмасына сенімдімін,-деді Ғали Есқалиев.
Мұнан кейін, жақында ғана күрделі жөндеуден өткен Қ.Сәтбаев атындағы мектепке барып, білім ордасының қазіргі жағдайына назар аударды.
-Мектепте 630 шәкірт білім алуда. Сабақтан бөлек, спортпен айналысуға, туризм, өнер саласы бойынша үйірмелер жұмыс жасауда, -деген мектеп директоры Ж.Жұмалиева әрі қарай білім ордасының тарихы мен өзге де ақпараттармен бөлісті.
Н.Жәрдемова
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер