11.02.2020, 11:53
Оқылды: 94

Шайбалы хоккей жеңімпаздары анықталды

Казталов ауданының Қарасу тоғанында мекеме және кәсіпорын қызметкерлері арасында қысқы спорт түрі шайбалы хоккейден жарыс өтті.

qaztalov (1)

Сайысқа 5 команда қатысып, бақтарын сынады. Олар “Жалын”, “Мәдениет және спорт”, “Білім”, “Денсаулық”, “Алма” құрамалары.

Ойын нәтижесінде    І орынды “Мәдениет және спорт”, ІІ орынды “Алма” командасы иеленсе, ІІІ орынды “Денсаулық” командасы қанжығасына байлады.

Дархан Құттыбаев “Үздік қорғаушы”, Әулет Надиров “Үздік шабуылшы”, Нұрбек Ихсанов “Үздік ойыншы”, Мұхаммед Құрманалиев “Үздік қақпашы”, Қайрат Халенов “Ардагер спортшы” номинациясына ие болды.

Диана Галиева

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале