Орал қаласында шаңғы туризмінің техникасынан «Ақшақар - 2020» облыстық жарысы өтті.
Өңіріміздің барлық аудандары мен Орал қаласынан 11 команда қатысқан жарыс қызықты өтті. Жыл санап спорттың бұл түріне қызығушы жастар саны да артып келеді.
Иә, бұл жолғы бәсекеде де Бәйтерек ауданының Белес ауылы жастары жақсы нәтиже көрсетті. Жекелей жарыс, эстафета, кросс бойынша өнер көрсеткен спортшылар сайысында командалық есепте жерлестеріміз үшінші орынға табан тіреді. Ал жеке қашықтықта сынға түскен Исламбек Имақанов екінші орынға табан тіресе, Анастасия Чиркова жеңімпаз атанды.
-Біздің спортшылардың көрсеткіші көңіл қуантады. Әсіресе, жеке қашықтықта өнер көрсеткен шәкірттерме дән ризамын. Енді Анастасия Чиркова мен Ерасыл Жолдығали 24 ақпан мен 2 наурыз аралығында Бурабай қаласында туризм техникасынан өтетін ел чемпионатынана қатыспақ, - дейді балаларды спортқа баулып, жарысқа дайындап жүрген бапкер Қанағат Белгиев.
Түгелбай Бисен
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер