Жастығын жалын шарпыған Ауған жауынгерінің бірі - Бәйтерек ауданының Дариян ауылдық округіне қарасты Озерный ауылының тұрғыны Алексей Ванчев.
1961 жылы аталмыш ауылда туып-өскен ол 1978 жылы Озерный мектебін бітіріп, бір жылдан соң әскер қатарына шақырылады. Алдымен Венгрия қаласындағы танкішілер мектебінде 7 ай арнайы курстан өтіп, 1979 жылы Ауғанстанның Шиндант провинциясындағы орталық жол болып саналатын көпірді, электр станциясын, банкті күзету орталығында әскери борышын өтейді. Ставропольдық Вася Шакиров пен ростовтық Юрий Трестьяндар сияқты қаруластарымен талай сын сағаттарды бастан өткізеді.
Қазір ол күндерді мүлде есіне алғысы да келмейді. Көз алдында өлім құшқан жас жігіттер қанша ма?!
Күні кеше Дариян ауылдық округінің әкімі Исатай Мұғалбаев Алексей Ванчевтың үйіне арнайы барып, Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 және 30 жыл толуына арналған төсбелгіні табыстап, сый-сияпат жасады.
Ауған соғысының ардагері Алексей Алексеевич өзіне көрсетіліп жатқан құрметке шексіз ризашылығын білдірді.
Гүлжан Аязбаева
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер