-Орал қаласындағы жаңадан бой көтеретін "Ақжайық" шағынауданы туралы білгім келеді. Көпір салына ма? Шағынауданға тұрғын үйлерді салу қарқыны қалай жүргізілуде? - деп сұрады облыс әкімінің есебі кезінде қала тұрғыны Қуандық Сұлтанов.
-Жаңа көпірдің жобалау жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Құрылыс жұмыстарына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр. Биыл құрылыс жұмыстары басталмайды. Жалпы Ақжайық шағынауданына көпір керек. Шағынаудан құрылысының инфрақұрылымын өткізуге 4 миллиард теңгеден астам қаражат салдық. Жеке компаниялар сол жерге үй салу үшін қызығушылық танытып отыр. Қазір құрылыс жұмыстары жүйелі жүргізілуде, - деп жауап берді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.
Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz