6.03.2020, 10:44
Оқылды: 10

Жалпақталдық балықшылар аудан әкімімен кездесті

       Кеше Қазталов ауданының әкімі Альберт Есалиев жұмыс сапарымен Жалпақтал ауылында болып, бірқатар нысандарды аралау барысында ауыл тазалығына көңіл бөліп, жергілікті әкімге нақты тапсырмалар жүктеді.

balykshylar (1)
Одан кейін Жалпақтал ауылындағы балық шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкер Әлібек Сартаевтың жетекшілік етуімен ауқымды қызмет атқарып жүрген балықшылардың өтініші бойынша кездесу өткізіп, олардың қойған сауалдарына жауап берді.

balykshylar (2)
Жергілікті балықшылар кездесуге уақыт тауып, мәселелеріне құлақ асқан аудан әкімі Альберт Темірболатұлына алғыс білдірді.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале