Осыған дейін Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сырым аудандық филиалы мамандарының дүкен сөрелеріндегі тауарлардың көлемі мен бағасына бақылау жасап, кәсіпкерлерді «Ақжайық» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қорымен жұмыс жасауды ұсынған еді.
Кеше Сырым ауданына қордан алғашқы тауарлар келді. Атап айтсақ, 50 келілік қаптадағы ұндардың «Өркен» дүкеніне 60, ал «Асар» дүкеніне 40 қапшығы келді. Сол арқылы ауданның басындағы ұн тапшылығы мәселесі бірқалыпқа түсті.
Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің статисі Расул Вахитовтың мәліметінше, сырымдық кәсіпкерлер «Ақжайық» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қоры арқылы 11 тонна ұн, 0,5 тонна макарон және 150 литр өсімдік майын алуға тапсырыс берілген.
Тапсырыс ауданға бүгін келеді деп күтілуде.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңізде