30.03.2020, 11:50
Оқылды: 31

Бәйтеректе коронавирустан сақтану шаралары дұрыс жолға қойылған

Елімізде коронавирустың таралуына байланысты карантин жарияланғаны белгілі. Соның салдарынан көптеген мекемелер қашықтан жұмыс жасауға көшуде. Мұндай үрдіс ауданымызда да жүріп жатыр. Коронавирустан сақтану барысындағы шаралар туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы Альфия Хасеновамен тілдескен едік. 

79E42BD7-97E4-4DA2-B0C7-13C752086C1F

- Елімізде коронавирустық жұқпаның таралуына байланысты ауданымызда штаб құрылды. Оның құрамында ҰҚК, прокуратура, әкімдік өкілдері мен төтенше жағдай қызметкерлері және басқарма мамандары, екі бас дәрігер енгізілді. Олар жоспарға сәйкес Сырым, Шаған бекеттерінде өңірге келген жандарды тексеріп, сауалнама жүргізеді. Мәселен, 1а санатты елдерден келген жандар тексерілгеннен кейін 14 күнге оқшауланады. Ол санатқа Франция, Иран, Италия, Испания және Германия мемлекеттері жатады. 2б санатты елдерден келгендер 1 күн изоляторда тексерілгеннен кейін үйіне жіберіліп, 13 күн карантинде болады. Соңғы аталған санатқа ТМД елдері енеді. Бұл санаттар өзгеріп отырады. Біздің ауданда коронавирус жұқпасы тіркелген жоқ.

Біз сондай-ақ қоғамдық орындарға да рейдтер жүргіздік. Мәселен, дүкендер таңертеңгі 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін, ал қоғамдық тамақтану орындары кешкі 22.00-ге дейін жұмыстануы қажет. Әр екі сағат сайын дезинфекциялық тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөнінде жадынамалар да берілді.

Сондай-ақ ондағы қызметкерлерде маска және арнайы қолғаптар болуы тиіс, - дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Альфия Хасенова.

 Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале