Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 20 адам тiркелдi. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 604-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
6 сәуір сағат 14:40-тағы мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1 науқас, Жамбыл облысында 1 науқас, Қарағанды облысында 16 науқас, Маңғыстау облысында 2 науқас тіркелген.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында 116 адам, Қарағанды облысында 48 адам, Ақмола облысында 23 адам, Атырау облысы 24 адам, Жамбыл облысында 29 адам, Шымкент қаласында 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында 6 адам, Алматы облысында 10 адам, Ақтөбе облысында 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 25 адам, Павлодар облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 5 адам, Қызылорда облысында 37 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында 28 адам, Қостанай облысында 1 адам - жалпы 604 пациент.
Олардың 45-і жазылып шықса, алтауы қайтыс болды.
zhaikpress.kz