Казталов ауданында алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағамдарының бағасы тұрақты қадағаланатын болады.
Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерінің арнайы белгілеген ортақ бағасы жергілікті жердегі сауда орындарында қатаң сақталуы тиіс. Кеше Қазталов аудандық азық-түлік бағаларын қадағалау бойынша комиссиясының мүшелері Жалпақтал ауылындағы азық-түлік дүкендерін аралап, кәсіпкерлерге жауапты министрліктердің ортақ шешімімен белгіленген баға құнын таныстырды.
Біз болашақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы себепсіз өсе бермейтініне негіз болатын құжаттың дүниеге келгенін айтып, жергілікті тұрғындарды қуантуға асықтық.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы
zhaikpress.kz