9.04.2020, 14:56
Оқылды: 75

Азық-түлік бағасы қадағалауда болады

Казталов ауданында алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағамдарының бағасы тұрақты қадағаланатын болады.

0A9EB04F-8ECD-44AE-A10A-57564E322E97

Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерінің арнайы белгілеген ортақ бағасы жергілікті жердегі сауда орындарында қатаң сақталуы тиіс. Кеше Қазталов аудандық азық-түлік бағаларын қадағалау бойынша комиссиясының мүшелері Жалпақтал ауылындағы азық-түлік дүкендерін аралап, кәсіпкерлерге  жауапты министрліктердің ортақ шешімімен белгіленген баға құнын таныстырды.

E1ECEBB3-B5EF-43CE-BB73-CF80CFF1F0F8

Біз болашақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы себепсіз өсе бермейтініне негіз болатын құжаттың дүниеге келгенін айтып, жергілікті тұрғындарды қуантуға асықтық.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале