13.04.2020, 10:23
Оқылды: 41

БҚО-да коронавирус жұқтырған 9-шы адам медицина қызметкері

Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияның тағы бір жағдайы тіркелді. Бұл 9-шы науқас туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО бас санитариялық дәрігері Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

IMG-20200412-WA0000

49 жастағы науқас провизорлық стационарда медициналық қызметкер болып жұмыс істейді. Қаулыға сәйкес COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медициналық қызметкер ретінде тексеру кезінде анықталды.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеке боксқа орналастырылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдауда.

Сондай-ақ эпидемиологиялық тексеру барысында жұмыс орны бойынша науқаспен жақын қарым-қатынаста болған 7 адам анықталып, зертханалық зерттеу жүргізілді. COVID-19 зерттеу нәтижелері 6 адамда теріс нәтиже көрсетсе, біреуі әлі зерттелу үстінде.

"Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалының мамандарымен пәтер, кіреберіс және үйдің іргелес аумағында қорытынды дезинфекция жүргізілді. Науқас пәтерде жалғыз тұрған, үйдің подъезі карантинге жабылды. Барлық тұрғындарды жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз.

13.04.2020 жылғы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында КВИ бойынша 9-шы дерек тіркелді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале