31.08.2016, 9:53
Оқылды: 58

Ата Заң – асқақ мәртебем!

111_1901           Тамыздың 29-ы күні аудандық мәдени-демалыс орталығында Конституция күніне орай «Ата Заң – асқақ мәртебем!» атты концерт өтті.  


Концертке аудан әкімі С.Әлиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамымыз өмірінің сан алуан салаларында болып жатқан ұтымды өзгерістердің бастауы. Ел Конституциясы бостандығымыздың, ырыс-берекеміздің, келешегіміздің сенімді кепілі бола берсін», - деді аудан басшысы өз сөзінде. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін аудан өнерпаздары ұйымдастырған мерекелік концерт ұсынылды. Мәдениет үйінің қызметкерлері ән айтып, би билеп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар сахнаға «Ардагерлер» вокальдық тобы шығып, өнер көрсетті. Шара соңы Х.Сұлтангереевтің орындауындағы «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

М.Әжіғалиев

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале