7.07.2016, 16:46
Оқылды: 55

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды

AsantaevБатыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Иманғалиев Жанболат Ғайнешұлының денсаулығына байланысты жұмыс орнын босату жөніндегі өтініші қабылданып, Асантаев Жанат Асылханұлы конкурстық негізде аталған облыстық басқармасының басшысы болып тағайындалды.


Ж.Асантаев 1970 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы инженер, екінші мамандығы заңгер. Ол Қазақстан Республикасы Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, Астана қаласының Соттар әкімшілгінің аға сот орындаушысы, бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді сараптау басқармасының бас маманы, бастығы, Заң департаменті директорының орынбасары, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімінің басшысы болып істеді. 2014 жылдың шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

www.zhaikpress.kz

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале