20.07.2016, 11:01
Оқылды: 38

"Жайық Пресс" медиахолдингінде құлпытастарды зерттеу мəселелеріне арналған семинар өтті

FB_IMG_1468991017901"Жайық Пресс" медиахолдингінің мәжіліс залында "Қазақстанның араб жазуындағы эпиграфикасын зерттеудің өзекті мəселелері" атты ғылыми-практикалық семинар өткізілді. 


БҚО-ғы құлпытастарды кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижесі туралы ой-толғамдар мен ұсыныс-пікірлерді ортаға салған шараға Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті дінтану кафедрасының меңгерушісі, профессор Ә.Мүминов, Алматыдағы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, жоба жетекшісі А.Нұрманова және жергілікті белсенділер М.Жақатов, Қ.Құттымұратұлы, өлкетанушылар мен аудан-ауылдарда осы игі іске атсалысқан азаматтар қатысты.FB_IMG_1468991066217

Басқосу барысында жуырда ғана Хан Ордасынан 500-ге жуық құлпытастардың мәтінін оқып, тіркеуге алған ғалымдар атқарылған жұмыстарының нәтижесін жариялады.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале