28.09.2016, 10:17
Оқылды: 24

Мейірімге өрілген мерекемен құттықтады

%d0%bc%d0%b5%d0%b9%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bc%d0%b3%d0%b5-%d3%a9%d1%80%d1%96%d0%bb%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d2%9b%d2%b1%d1%82%d1%82%d1%8b%d2%9b%d1%82   Шыңғырлау ауданында аудандық экономика және қаржы бөлімініңбасшысы Сағидолла Тұрғалиев ауданымыздың «Құрметті азаматы», соғыс ардагері Сүйеу Ығылманов қарияның отбасын елімізде аталып өтіліп жүрген «Егде кісілер күні» мерекесімен құттықтады. 92 жастағы Сүйеу ақсақал мен алдағы жылы 90 жасты толтыратын Қырмызы әжеге «-елге үлгі, халыққа өнеге болып жүрген қалпыңызда ұзақ жасаңыздар, көз алдымызда аман жүріңіздер»- деп тілек айтқан Сағидолла Батырұлы ардақты жандарға сый-сияпат ұсынды.


Үлкейгенде жастар тарапынан, аудан халқының құрмет пейілі, ықыласы жандарын жадырататынын атап өткен Сүйеу ата өз өмірінен естеліктер айтып, елге қызмет етудің адамға берер абыройы, қызығы мен қуанышы тұрғысында, Шыңғырлау ауданындағы тамырын әріден алатын бірлік, біртұтастық пен татулық жайы, табиғатының әсемдігі мен тоғыз жолдың торабында тұрған географиялық орналасуы құтты мекенге айналдырып отырғанын да жеткізді.

Айта кететін болсақ, 1- қазан күні болып белгіленген аталмыш мереке барша тұрғындар, отбасылар, әрбір перзент және жасы кішілер үлкендерге құрмет көрсетіп, ата-анасын ыстық ықыласқа бөлейтін шынайы мейірімге өрілген, елімізде рухани үйлесім, жан жылуына астарлас біртұтастық пен татулыққа үндейтін жарқын мереке.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале