12.07.2016, 14:20
Оқылды: 46

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңындағы 25-ші кеме

кеме«Зенит» зауытында жасалған кезекті 25-ші кеме суға түсірілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов, әскери-теңіз күштерінің орынбасары, бірінші дәрежелі капитан Серік Борамбаев, Қарулы күштер ардагерлері, жергілікті басқару органдарының өкілдері және зауыттың жұмысшы-қызметкерлері қатысты.


Бұл – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңындағы 25-ші кеме. Катердің ұзындығы шамамен -13 метр, ені- 3,5 метр, су ығыстырғыштығы -12 тонна, шөгуі- 0,6 метр.FB_IMG_1468306551084

–Әскери-теңіз күштеріне арналған кезекті кемені Каспийге аттандырмақпыз. Ол теңіздік экономикалық қызмет нысандарын және порт аймағындағы нысандарды суасты диверсиялық қауіптерден қорғауды, торуылдауды қамтитын құралдармен жабдықталған. Өзінің сериясындағы алғашқы модель. Басқа кемелерге қарағанда таяз жерлермен жүзуімен, суастын зерттеу құралдарына иелігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар лаңкестікке қарсы барлау жұмыстарын жасайды. Экипажы төрт адамдық, - дейді Серік Борамбаев.

Кеме заманауи байланыс және навигация құралдарымен жабдықталған. Ол Каспийге жеткізіліп, швартовтық, жүру, қабылдау сынақтарынан өтеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале