19.04.2016, 9:25
Оқылды: 38

Шыңғырлауда "Қазақстан барысына" іріктеу өтті

Screenshot_2016-04-19-06-29-13-1

Шыңғырлау ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Елбасымыздың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің аудандық іріктеу жарысы өтті.


Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген байрақты бәсекеге аудан көлеміндегі 8 ауылдық округ және аудан орталығының палуандары қатысып, бақ сынасты.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі кешенінде өткен жарыста Ащысай ауылдық округінің палуаны Оразалиев Нұралы «Үздік техникасы үшін», алмаздық Бейбіт Жазықбаев «Ерен ептілігі үшін» және Лубен ауылынан келген Мұхамбетияров Бауыржан «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдары бойынша бағалы сыйлықтарға ие болды.

Тартысты бәсекенің жеңімпаздары қатарында ІІІ орынға таласта Бейбіт Жазықбаев пен Нұрсұлтан Әбдіраманов кездесіп, Н.Әбдіраманов таза жеңіспен ІІІ орынды иеленді. Финалдық кездесу облыстық турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы, спорт шеберлігіне үміткер Бауыржан Жарылғасов пен жас палуан Әділет Кабулов арасында өтіп, Ә.Кабулов І орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар жарыс дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале