12.10.2016, 10:31
Оқылды: 38

«Экспедиция 25» Қазталовта

%d1%8d%d0%ba%d1%81%d0%bf%d0%b5%d0%b4%d0%b8%d1%86%d0%b8%d1%8f-251«Хабар» арнасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Экспедия  25» атты экспедиция жасақтаған болатын. Жобаның негізгі мақсаты – ұлы дала елінің ұлылығын насихаттау. Осы экспедиция тобы 11 қазан күні ауданымызға ат басын тіреді. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында экспедиция мүшелері мен ауданның белсенді жастары және азаматтары кездесіп, емен-жарқын әңгіме өрбітті. Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева экспедиция мүшелеріне ауданымыз туралы мағлұмат беріп, - «елімізге қош келдіңіздер», деген лебізін жеткізді. Кездесуде сөз алған  «Экспедиция 25» жобасының жетекшісі Әділет Есекеев:

%d1%8d%d0%ba%d1%81%d0%bf%d0%b5%d0%b4%d0%b8%d1%86%d0%b8%d1%8f-252- «Экспедиция 25» экспедициясы зерттелмеген жолы қиын жерлермен жүріп келеді. Басты ерекшелігіміз – біздің жобаның мүшелері ешбір дайындықсыз қатысып отырған белсенді азаматтар. Сондай-ақ бағытымызды экспедиция мүшелері өздері анықтап отырады. Сіздің жаққа келген себебіміз – Батыс өңірі табиғат байлығымен және кез келген қоғамда болып жатырған жағдайларға өздерінің белсенділігімен ерекшеленеді. Сол себепті де сіздің аймақты аралап көруді ұйғардық, -дейді.

Кездесуде экспедиция мүшелері жолда кездескен қызықты жағдайлармен бөлісті. Сондай-ақ  аудан өнерпаздары Мұрат Ахметов пен Қуат Ахметов домбыра және гитарамен ән шырқап, кеш шырайын аша түсті.

Кездесу соңында экспедиция мүшелері мен қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңілмен тарқасты.

Мөлдір Әнуарбек

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале