3 маусым күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің базасында аданның мектеп бітіруші түлектері Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыруды бастады. ҰБТ-ның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тілесе, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Батырхан Төлегенов, - ҰБТ-ның тиісті талаптарын айта келіп, мектеп түлектерінің табысқа жетуіне лебізін білдірді.
Аудан бойынша 11 сыныпты 422 түлек аяқтап, бүгінгі олардың 282-сі ҰБТ-ға қатысуда.
Түлектеріміздің 19-ы «Алтын белгіге» және 5-еуі «Үздік аттестатқа» үміткер.
Жұлдыз АСҚАР
Қазталов ауданы